KASE екі шығарылым облигацияларын KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

03.04.12 17:25
/KASE, 03.04.12/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2012 жылдың 03 сәуірінен бастап мынадай борыштық бағалы қағаздарды KASE_BY, KASE_BP и KASE_BC индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады: - "Кедентранссервис" АҚ (Астана) KZ2CKY05B976 (KZ2C00000651, KDTSb1, 1 000 теңге, 1,7 млрд теңге, 03.04.07 - 03.04.12, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 10,30%, 30/360); - "Темiрлизинг" АҚ (Алматы).KZ2C0Y05C465 (KZ2C00001097, TMLZb1, 1 000 теңге, 500 млн теңге, 03.04.07 - 03.04.12, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 11,00%, 30/360). Аталмыш облигациялар KASE_B* серияларының өкілетті тізімінен айналыста болуы уақытының аяқталуына байланысты шығарылды. 2012 жылдың 03 сәуірінен бастап KASE_BP индексін есептегенде KASE 0,9978592 тең түзету коэффициентін (К) қолданады, KASE_BC – 0,9993423, KASE_BY – 1,6948967. Аталған датаға дейін KASE_BP индексі үшін (К) 0,9978647, KASE_BC үшін – 0,9993441 және KASE_BY үшін - 1,6950085 тең болған. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. Аталмыш индекстердің барлығын KASE күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептеледі. Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес салмағы он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы құжаттарға сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып алынбаған облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу шектеу коэффициенті арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бұрын бұл тақырыбы бойынша 2012 жылдың 03 сәуірінде KASE жаңалықтары мына мекен-жайлар бойынша жарияланды: - "Кедентранссервис" АҚ (Қазақстан) KZ2CKY05B976 (KZ2C00000651, KDTSb1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды" – http://www.kase.kz/news/show/1164557 - "Темірлизинг" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05C465 (KZ2C00001097, TMLZb1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды" – http://www.kase.kz/news/show/1164556 Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.