"БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y10B251 (KZ2C00000842, BTAIb2) облигациялары бойынша 16-шы купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5,90 % құрады

03.04.12 16:23
/KASE, 03.04.12/ – "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің ипотекалық KZ2C0Y10B251 (KZ2C00000842, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb2; 1 теңге, 1,5 млрд теңге, 21.10.04 – 21.10.14, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон) облигациялары бойынша 2012 жылдың 21 сәуірінен бастап 20 қазанына дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5,90 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2012 жылдың 21 сәуіріне дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10,00 % пайызды құрайды.