04 СӘУІР КҮНІ БИРЖАДА 123 ШЫҒАРЫЛЫМНЫҢ МЕККАМ-12 (KZK1KY011230) ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛЕДІ

02.04.12 16:49
/KASE, 02.04.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 04 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқамерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі (дисконттық облигациялар, Алматы уақыты). -------------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕККАМ-12 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZK1KY011230 Шығарылымның реттік саны: 123 / 12 KASE сауда-саттық коды: MKM012_0123 Атаулы құны, теңге: 100,00 Төлеу датасы: 04.04.12 Айналысқа жіберу датасы: 04.04.12 Айналыста болудың соңғы күні: 03.04.13 Өтеу датасы: 04.04.13 Айналыста болу мерзімі: 366 күн Уақыттық базасы: actual / actual ----------------------------- -------------------- Орналастырудың жарияланған 15 000,0 көлемі, млн теңге: Сауда-саттық заты: Облигацияның бағасы Нарықтық өтінімдерді 70 қанағаттандыру дәрежесі, %: Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00-ге дейн (Т+0) Төлеу уақыты: 15:00-ге дейін (Т+0) Шектелімді өтінімдерді ұсынған бағамен қанағаттандыру тәсілі: Нарықтық өтінімдерді орта.сарал. бағамен қанағаттандыру тәсілі: -------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде көрсетілген облигацияның атаулы құнынан пайызбен көрсетілген бағасы төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттық заты болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді тек бастапқы дилерлер ретінде әрекет ететін KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Инвесторлар өз өтінімдерін осы заңды тұлғалар арқылы бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Бастапқы дилерлер сауда-саттық өткізілген күні 15:00-ге дейін, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай шотта (бастапқы дилерлердің берген және KASE қабылдаған өтінімдердің барлығы қанағаттандыруға жатады деген болжаммен) сатып алынған қазынашылық міндеттемелерге төлеуге жеткілікті соманың бар болуын қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің орналастыру ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.