"Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге ірі мәміле жасауды көздеп отырғаны туралы хабарлады

02.04.12 15:39
/KASE, 02.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, "сақтандыру бойынша жауапкершілігінің сомасы 2 533 576 269 (екі миллиард бес жүз отызүш миллион бес жүз жетпіс алты мың екі жүз алпыс тоғыз) теңге болатын ірі мәміле жасауды көздегені туралы" хабарлады.