"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өзінің Директорлар кеңесінің құрамында болатын өзгерістер туралы хабарлады

02.04.12 14:46
/KASE, 02.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: 2012 жылдың 13 наурызында "АТФБанк" АҚ Директорлар кеңесі 26 сәуір күні Алматы қ. өтетін "АТФБанк" АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысының қарауына Мухаббат Сеитованың кандидатурасын "АТФБанк" АҚ Директорлар кеңесі Төрағасының Орынбасары ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады. Осы шешімді қабылдау кезінде Мухаббат Сеитованың Басқарма Төрағасының Орынбасары қызметін атқара отырып, Банктің дамуы мен қызметіне енгізген зор үлесі ескерілді. Жаңа лауазымында Сеитова ханым Банктің алдына қойған мақсаттарына жетуіне бұрынғыдай белсенді қатысатын болады.