"ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ холдингі" АҚ оның 61 280 акциясын Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) $45,0 млн сомасына сатып алғаны туралы хабарлады
02.04.12 12:12
/KASE, 02.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ холдингі" АҚ (Астана),
биржаға ресми хат жолдап, "2012 жылдың 28 наурызында Еуропалық
қайта құру және даму банкімен Компанияның 61 280 (алпыс бір мың
екі жүз сексен) жай акциясын 45 (қырық бес) миллион АҰШ доллары
сомасына сату туралы мәміле жасалғаны туралы" хабарлады.