Fitch "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) рейтингілік бағалауларын растады, болжам "Тұрақты"

02.04.12 11:54
/Fitch Ratings, Лондон-Мәскеу, 30.03.12, Fitch Ratings ағылшын тілінен аударма, KASE тақырыпшасы/ – Fitch Ratings AMANAT INSURANCE" сақтандыру компаниясы" Акционерлік Қоғамының, Қазақстан (бұдан әрі - "AMANAT") рейтингілерін растады: сақтандырушының қаржылық тұрақтылығының рейтингі ("ҚТР") халықаралық шкала бойынша "B-" деңгейінде және ҚТР ұлттық шкала бойынша "B+(kaz)", сонымен қатар рейтингілер бойынша болжамды "Жағымсыздан" "Тұрақтыға" ауыстырды. Болжамның "Тұрақтыға" өзгертілуі 2011 ж. 4 тоқсанында капиталды жоғарлатқаннан кейін реттеуші тәуекелдің жойылғанын, және 2012 ж. ақпанының соңында төлем қабеліттілігінің реттеуші маржасының 140 % нығайғанын көрсетеді. Ал 2011 ж. 2-3 тоқсандарында осы көрсеткіш қажетті минималды коэффициенттен сәл ғана асатын. Өзінің ішкі есептеулеріне сүйене отырып, Fitch, бұрынғыдай, компанияның тәуекелге түзетілген капиталы өзінің рейтингі үшін мықты болып табылады деп санайды. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1164399 мекен-жайы бойынша танысуға болады.