2012 жылдың 02 сәуірінен бастап "Қант" АҚ (Қазақстан) KZ1C35690011 (KZ000A1CTMN0, KANT) жай акциялары эмитент бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылды

30.03.12 17:23
/KASE, 30.03.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2012 жылдың 02 сәуірінен бастап "Қант" АҚ (Тараз) KZ1C35690011 (KZ000A1CTMN0, KANT) жай акциялары эмитент бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылды. KASE 2012 жылдың 20 наурызындағы тұжырымында айтылғандай, 2012 жылдың 16 наурызында "Қант" АҚ келесі құжаттарын алды: - аталмыш акциялардың ерікті делистингі туралы 2012 жылдың 14 наурызындағы өтініші; - аталмыш акцияларды ұстаушылардың тізілім жүйесінен үзінді көшірме, онда 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша "Қант" АҚ жай акцияларының негізгі ұстаушысы "GAS DEVELOPMENT" ЖШС (орналастырылған акциялардың жалпы санынан тиісінше 99,88 %) болып табылады; - "Қант" АҚ акционерлерінің 2012 жылдың 05 наурызындағы кезектен тыс жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесін, мұнда аталмыш акцияларды ерікті делистингілеу туралы шешім бір ауыздан қабылданды. Аталмыш хаттамаға сәйкес, осы акцияларды KASE ресми тізімінен шығару туралы шешім үшін "Қант" АҚ жай акцияларының екі иеленушісінің негізгі акционері дауыс берді, миноритарлы акционер осы отырысқа қатысқан жоқ. Жоғарыда айтылғанның негізінде және "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 19 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес аталмыш акциялар делистингіленді. Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне "В" санаты бойынша 2002 жылдың 15 қарашасынан бастап енгізілген, ал 2004 жылдың 09 ақпанынан бастап KASE ресми тізімінің "А" санатына ауыстырылды, 2008 жылдың 01 тамызынан бастап - "В" санатына, ал 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап үшінші санатқа ауыстырылған. Олардың сауда-саттығы 2002 жылдың 02 желтоқсанынан бастап ашылды. Аталмыш акциялардың биржада айналыста болу мерзімінде олармен ашық сауда-саттық тәсілімен жасалған мәмілелердің құндары бір акцияға 299,00 теңгеден бастап 4 953,23 теңгеге дейін құбылды.