"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өзінің Басқармасы құрамында болған өзгерістер туралы және өзінің Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 13 наурызындағы шешімдері туралы хабарлады

30.03.12 15:00
/KASE, 30.03.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, 2012 жылдың 13 наурызында өзінің Директорлар кеңесі келесідей шешімдерді қабылдағаны туралы хабарлады: жүзеге асырылуында қызығушылығы бар мәмілелер бойынша: а) ЮниКредит тобы мүшелерімен 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2012 жылдың 31 қаңтарына дейінгі кезеңге жасалған қазыналық мәмілелер бекітілді; б) Транзакциялық және корпоративтік өнімдерді дамыту департаментінің ЮниКредит тобының мүшелерімен 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2012 жылдың 31 қаңтарына дейінгі кезеңге жасаған мәмілелері бекітілді; в) "АТФИнкассация" ЖШС-імен келісім бекітілді; г) "ЮниКредит Банк" ЖАҚ (Ресей) кеңес беру қызметін көрсету туралы келісім-шарт жалппы сомасы 164,870.13 ресей рубліне бекітілді. сонымен қатар Банктің Басқармасының құрамында болған өзгерістер бекітілді: Павел Решетников 13.03.2012ж. бастап Банктің Басқарма Төрағасының Орынбасары лауазымына тағайындалды.