"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өзінің Басқармасы құрамында болған өзгерістер туралы және өзінің Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 13 наурызындағы шешімдері туралы хабарлады
30.03.12 15:00
/KASE, 30.03.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап,
2012 жылдың 13 наурызында өзінің Директорлар кеңесі келесідей
шешімдерді қабылдағаны туралы хабарлады:
жүзеге асырылуында қызығушылығы бар мәмілелер бойынша:
а) ЮниКредит тобы мүшелерімен 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап
2012 жылдың 31 қаңтарына дейінгі кезеңге жасалған қазыналық
мәмілелер бекітілді;
б) Транзакциялық және корпоративтік өнімдерді дамыту департаментінің
ЮниКредит тобының мүшелерімен 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап
2012 жылдың 31 қаңтарына дейінгі кезеңге жасаған мәмілелері
бекітілді;
в) "АТФИнкассация" ЖШС-імен келісім бекітілді;
г) "ЮниКредит Банк" ЖАҚ (Ресей) кеңес беру қызметін көрсету туралы
келісім-шарт жалппы сомасы 164,870.13 ресей рубліне бекітілді.
сонымен қатар Банктің Басқармасының құрамында болған өзгерістер
бекітілді: Павел Решетников 13.03.2012ж. бастап Банктің Басқарма
Төрағасының Орынбасары лауазымына тағайындалды.