"ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ (Қазақстан) 28 наурызда өзінің 600 000 KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASTb3) облигациясын биржада жылдық 10,0% орналастырды

28.03.12 18:46
/KASE, 28.03.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ (Астана) KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар қарыздық бағалы қағаздар" санаты, KASTb3; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 18.07.11 – 18.07.16; жарты жылдық купон жылдық 8,50 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы "ЦентрКредит Банкі" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болды. Эмитент сауда-саттықта KZ2C0Y05E065 1 500 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санының 3,8 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты, олар төрт өтінім берді, солардың ішінде 800 000 облигация сатып алуға берілген төрт ордер өтінімді беру кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда- саттықтағы сұраныс ұсыныстың 53,3 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 90,0040 % (жылдық 11,5 %) бастап 94,8298 % (жылдық 10,0 %) дейін құбылды және орташа сараланған мәні 93,5836 % (сатып алушы өтеуіне жылдық 10,4 %).тең болды. Белсенді өтінімдердің барлығы брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесіне тиесілі болды. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 94,7662 % деңгейінде бекітті, бұл облигациялардың сатып алушының өтеуіне жылдық 10,0 % көлемінде сәйкес келеді. Осы баға бойынша екі өтінімді қанағаттандырды. сөйтіп 600 000 облигацияны орналастырды. Осы орайда тартылған сома 578 513 866,67 теңгені құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалды.