ҚҰБ ҚҚК "Темiрлизинг" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05C465 (KZ2C00001097, TMLZb1) облигациялар шығарылымының аңдатпасына енгізген толықтыруын тіркеді

28.03.12 15:38
/KASE, 28.03.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темiрлизинг" АҚ (Алматы), өзінің KZ2CKY05B976 KZ2C0Y05C465 (KZ2C00001097, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, TMLZb1; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге, 03.04.07 – 03.04.12; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 11,00 %; 30/360) облигациялары шығарылымының аңдатпасына енгізген толықтыруының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 02 наурызында тіркеп, "Темірлизинг" АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ақпараттың толығуына байланысты енгізілді. Аталмыш толықтыру KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/TMLZ/tmlzf9b1_izm_020312.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.