"Батыс транзит" АҚ (Қазақстан) Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасының екінші кезеңіне қатысатыны туралы хабарлады

28.03.12 14:39
/KASE, 28.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Батыс транзит" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 28 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы" өңіраралық элетр өткізу линиясын құру және пайдалану" концессиялық жобасын іске асыру мақсатында құрылған "Батыс транзит" акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) желілері бойынша электр қуатын беру көлемі соңғы жылдары төмендеген болатын, бұл, өз кезегінде, қаржылық қиындықтарға әкеп соқты. Акционерлердің қолдауының арқасында Қоғам мемлекет пен несие берушілері алдындағы міндеттерін ойдағыдай атқарып келеді. Тартылған қорлау бойынша купондық сыйақыны және пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы қаржылық шығындарын азайту мақсатында Қоғам Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасына қатысуға өтінім жасады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2012 жылдың 14 наурызындағы № 152 бұйрығына сәйкес, Қоғам аталмыш бағдарламаның екінші кезеңіне қатысуға жіберілді (бұйрық қосымшаға тіркелген). Қоғамның қолдауына ие болса, Қоғам өзінің қаржылық көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартып, Ақтөбе облысының тұтынушылары үшін өзінің тарифін төмендетеді. Ал бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына мултипликативтік әсер етер еді.