"АТФБанк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы - "АТФ Финанс" АҚ (Қазақстан) өзінің Директорлар кеңесінің құрамында болған өзгерістер туралы хабарлады

28.03.12 11:34
/KASE, 28.03.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) қор нарығының мүшесі "АТФБанк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы - "АТФ Финанс" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 13 наурызында өзінің жалғыз акционері ("АТФБанк" АҚ Директорлар кеңесі) келесідей шешімдер қабылдағаны туралы хабарлады: 1. "АТФ Финанс" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Мухаббат Болатовна Сеитованың өкілеттігі 13.03.2012 ж. бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын; 2. 13.03.2012 ж. бастап Директорлар кеңесінің мүшелігіне (жалғыз акционердің өкілі ретінде) Павел Борисович Решетниковты сайлау; 3. Павел Борисович Решетниковқа сыйақы төленбесін; 4. "АТФ Финанс" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесінің өкілеттігі мерзімін "АТФ Финанс" АҚ Директорлар кеңесінің барлық құрамының өкілеттігі мерзіміне сәйкес анықтау (жалғыз акционер өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанға дейін).