"АТФБанк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы - "АТФ Финанс" АҚ (Қазақстан) өзінің Директорлар кеңесінің құрамында болған өзгерістер туралы хабарлады
28.03.12 11:34
/KASE, 28.03.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) қор нарығының мүшесі
"АТФБанк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы - "АТФ Финанс" АҚ
(Алматы), биржаға 2012 жылдың 13 наурызында өзінің жалғыз акционері
("АТФБанк" АҚ Директорлар кеңесі) келесідей шешімдер қабылдағаны
туралы хабарлады:
1. "АТФ Финанс" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Мухаббат Болатовна
Сеитованың өкілеттігі 13.03.2012 ж. бастап мерзімінен бұрын
тоқтатылсын;
2. 13.03.2012 ж. бастап Директорлар кеңесінің мүшелігіне (жалғыз
акционердің өкілі ретінде) Павел Борисович Решетниковты сайлау;
3. Павел Борисович Решетниковқа сыйақы төленбесін;
4. "АТФ Финанс" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесінің өкілеттігі
мерзімін "АТФ Финанс" АҚ Директорлар кеңесінің барлық құрамының
өкілеттігі мерзіміне сәйкес анықтау (жалғыз акционер өкілеттігін
тоқтату туралы шешім қабылдағанға дейін).