"Альянс Банкі" АҚ өзінің XS0495755562 (ASBNe8), XS0496645085 (ASBNe9), XS0495756370 (ASBNe11), XS0496645671 (ASBNe12), XS0496645911 (ASBNe13) халықаралық облигациялары бойынша 4-ші купонды және XS0495755729 (ASBNe10) облигациялары бойынша өндіріп алынған сомалар есебінен төлем жасағаны туралы хабарлады

27.03.12 15:13
/KASE, 27.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банкі" (Алматы), биржаға 2012 жылдың 27 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "Альянс Банкі” АҚ Еврооблигациялардың төмендегі шығарылымдары шеңберінде 2012 жылғы 26 наурызда купонды сыйақының төртінші төлемін дер кезінде төлегені жөнінде қуана хабарлайды: - 2017 жылы өтеу мерзімімен, акцияның халықаралық сәйкестендіру коды (ISIN): S Ережесіне сәйкес/144А Ережесіне сәйкес - XS0495755562/ XS0495755646 АҚШ долларындағы облигациялар, купон 10,5 жылдық пайызбен; - 2017 жылы өтеу мерзімімен, халықаралық акциялардың сәйкестендіру коды (ISIN): S Ережесіне сәйкес/144А Ережесіне сәйкес - XS0496645085/ XS0496645242 теңгедегі облигациялар, купон 14,5 жылдық пайызбен; - 2020 жылы өтеу мерзімімен АҚШ долларындағы облигациялар, халықаралық сәйкестендіру коды (ISIN): S Ережесіне сәйкес/144А Ережесіне сәйкес - XS0495756370/ XS0495756453 облигациялар, және купон жылдық 4,7 пайызбен, оның ішінде 2% төленген және 2,7% капиталдандырылған. - 2020 жылы өтеу мерзімімен, халықаралық акциялардың сәйкестендіру коды (ISIN): S Ережесіне сәйкес/144А Ережесіне сәйкес - XS0496645671/ XS0496645838 теңгедегі облигациялар; жылдық 9 пайыздық купонмен, олардың ішінде 4,25% төленген және 4,75% капиталдандырылған. - 2030 жылы өтеу мерзімімен, халықаралық акциялардың сәйкестендіру коды (ISIN): S Ережесіне сәйкес/144А Ережесіне сәйкес - XS0496645911/ XS0496646059 теңгедегі облигациялар; жылдық 9,5 пайыздық купонмен, олардың ішінде 4,5% төленген және 5% капиталдандырылған. Төлем Облигациялар шығару Шарттарына сәйкес жүргізілген, қаражат 2012 жылғы 20 наурызында - тіркеу Күніне теңге түріндегі облигациялар бойынша және 2012 жылғы 23 наурызында АҚШ доллары түріндегі облигациялар бойынша облигациялар ұстаушылар Тізбесінде көрсетілген Ұстаушылар арасында бөлінген. Төлемнің жалпы сомасы 38,6 млн. АҚШ долларынан артық соманы құрады. Сондай-ақ, 2012 жылғы 26 наурызда 4 712 887 АҚШ доллары немесе әр Облигацияға 4,82 АҚШ долларына жуық мөлшерде өндіріп алынған сомалар есебінен төленетін Облигацияларды шығару Шарттарына сәйкес корпоративтік және ШОБ қарыздары пуласы өндіріп алынған қаражаттан жүзеге асырылды. Өндіріп алынған қаражат 2012 жылғы 23 наурызда - тіркеу Күніне облигациялар ұстаушылар Тізбесінде көрсетілген облигация Ұстаушылар арасында пропорционал бөлінді. 978 059 АҚШ доллары сомасына өндіріп алынған сомалар есебінен төленетін облигациялар (коды ISIN: S Ережесіне / 144А Ережесіне сәйкес - XS0495755729 / XS0495756024), 2020 жылы өтеу мерзімімен, 2010 жылғы 25 наурызда шығарылды. Өндіріп алынған сомалар есебінен төленетін Облигациялар бойынша төлемдер тоқсан сайын жүргізіледі, қаражат облигация Ұстаушылар арасында пропорционал бөлінеді - 25 маусым, 25 қыркүйек, 25 желтоқсан және әр жылдың 25 наурызында - 2010 жылғы 1 наурыздан бастап 2017 жылғы 24 наурыз аралығында. Қосымша ақпарат алу үшін мына нөмірге хабарласыңыз: Капитал рыноктарымен жұмыс басқармасы Тел. +7 (727) 258 40 40 (ішкі. 52034) E–mail: IR@alb.kz Веб–сайт: www.alb.kz цитата соңы