"АТФБанк" акционерлік қоғамы "Батыс транзит" акционерлік қоғамының (Қазақстан) 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық жағдайын сараптау нәтижелері туралы хабарлады

20.03.12 17:39
/KASE, 20.03.12/ – "Батыс транзит" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KZ2CKY13B996 (KZ000A0T88N8, BTTRb1; 100 теңге, 18 830,0 млн теңге; 30.03.06 – 30.03.19, инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,60 %; 30/360) инфрақұрылымдық облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын "АТФБанкі" АҚ (Алматы) "Батыс транзит" акционерлік қоғамының 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық жағдайын сараптау нәтижелерін биржаға ұсынды. Аталмыш сараптаудың орыс тіліндегі нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_akt_311211.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.