"Батыс транзит" АҚ (Қазақстан) дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының екінші кезеңіне қатысуға жіберілгені туралы хабарлады

20.03.12 17:25
/KASE, 20.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Батыс транзит" АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Батыс транзит" акционерлік қоғамын Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) екінші кезеңіне қатысуға жіберу туралы" 2012 жылдың 14 наурызындағы № 152 бұйрығының көшірмесін жолдады. Берілген құжатқа сәйкес, "Батыс транзит" АҚ аталмыш бағдарламаның екінші кезеңіне қатысуға жіберілді. Бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енді.