"Қазақстан Даму Банк" АҚ банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

20.03.12 15:26
/KASE, 20.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана, бұдан әрі цитатада - Банк), биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2012 жылдың 13 наурызындағы № 80 бұйрығымен (бұдан әрі - ИЖТМ) Банктің Директорлар кеңесінің құрамына Куандык Валиханович Бишимбаев және Канат Мухаметкаримович Досмукаметов сайланды. ИЖТМ аталмыш бұйрығымен Банктің Директорлар кеңесінің құрамынан Сабр Сайлаубекович Есимбеков, Аскар Амангельдиевич Каримуллин және Азат Турлыбекович Перуашев шығарылды. Оған қоса, банктің Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 14 наурызындағы отырысында, № 129 хаттама, Банктің Басқарушы директоры – Басқармасының мүшесі Ардак Сиязбекович Орумбаевтың өкілеттігін тоқтатып, осы лауазымға Нурлан Кадырович Ниетбаевты сайлау туралы шешім қабылданды.