Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 19 наурызда жылдық 5,30 % 11 шығарылымның 15,0 млн МЕУКАМ-120 (KZKDKY100110) орналастырды

19.03.12 18:20
/KASE, 19.03.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 19 наурызында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді деп хабарлайды. Төменде шығарылымның негізгі параметрлері, орналастырудың шарттары мен нәтижелері берілген (Алматы уақыты). ШЫҒАРЫЛЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: ------------------------------------------------- ----------------------- Қағаз тұрпаты: МЕУКАМ-120 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZKDKY100110 Шығарылымның реттік саны: 11 / 120 KASE сауда-саттық коды: MUM120_0011 Атаулы құны, теңге: 1 000,00 Төлеу күні: 19.03.12 Айналысқа жіберу күні: 19.03.12 Айналыста болудың соңғы күні: 18.03.22 Өтеу датасы: 19.03.22 Айналыста болу мерзімі: 10 жыл (3 600 күн) Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купонға төлеу кестесі: жыл сайын 19 наурызда Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------- ----------------------- ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ: ------------------------------------------------- ----------------------- Жарияланған көлемі, млн теңге: 15 000,0 Сауда-саттық заты: купон мөлшерлемесі Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00 дейін (Т+0) Төлеу уақыты: 15:00 дейін (Т+0) Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесім бағасы (мөлшерлемесі) бойынша ------------------------------------------------- ----------------------- СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: ------------------------------------------------- ----------------------- Бастапқы дилер – қатысушыларының 8 саны: Берілген өтінімдер саны 25 / 22 (барлығы / белсенді): Соның ішінде: – шектелімді: 19 / 18 – нарықтық: 6 / 4 Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге: 32 897,0 оның ішінде: – шектелген: 15 850,0 – нарықтық: 17 047,0 Өтінімге сұраным, %: 219,3 Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі, % (барлығы / белсенді): – минималды: 5,15 / 5,15 – максималды: 6,47 / 6,47 – орташа сараланған: 5,6044 / 5,6181 ------------------------------------------------------------------------- *белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа қатысушылары жоймаған, соның ішінде Растау жүйесіне қатысушылары растаған өтінімдер. ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ: ------------------------------------------------------------------------- Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, 15 000 000 облигация: Қанағаттандырылған өтінімдер 10 саны: Қанағаттандырылған өтінімдер 100,0 көлемінің жоспардан %: Купон мөлшерлемесі, жылдық %: 5,30 ------------------------------------------------------------------------- Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде зейнетақылық нарық субъектілерінің үлесі 33,4 %, екінші деңгейдегі қазақстандық банкілердің (ЕДБ) – 18,3 %, ЕДБ клиенттерінде - 45,6 %, брокерлік-дилерлік компаниялардың клиенттерінде – 2,7 % құрады. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес МЕУКАМ-120 бесінші шығарылымын орналастыру бойынша жасалған барлық мәмілелер сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесу аяқталар сәтте орындалды. Орналастырылған облигациялардың жалпы көлемінің 18,7 % зейнетақылық нарық субъектілері, ЕДБ – 18,2 %, ЕДБ клиенттері – 61,6 %, брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттері - 1,5 % сатып алды. Қаржы Министрлігі сатқан МЕУКАМ автоматты түрде, кестеде көрсетілген сауда-саттық кодымен, KASE қайталама нарығында, кестеде көрсетілген сауда-саттық коды бойынша, айналысқа жіберіледі. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағасымен бағалануы тиіс. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің орналастыру ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.