"Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алғаны туралы хабарлады

19.03.12 17:02
/KASE, 19.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал), биржаға Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің "Жайықмұнай" ЖШС-іне қоршаған ортаға эмиссияға 2011 жылдың 29 желтоқсанындағы № 0056723 рұқсатының көшірмесін тапсырды.