"AMF Group" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y07D139 (KZ2C00000941, AKFIb2) облигациялары бойынша 6-шы купонын төлеуі туралы хабарлады

19.03.12 15:58
/KASE, 19.03.12/ – "AMF Group" АҚ (Алматы) өзінің KZ2C0Y07D139 (KZ2C00000941, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, AKFIb2; 1 000 теңге, 700,0 млн теңге, 27.02.09 – 27.02.16 инфляция деңгейімен индекстелінген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,30 %; 30/360) облигациялары бойынша алтыншы купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 32 308 200,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс.