/ҚАЙТАЛАУ/ "HALYK FINANCE" АҚ ЖӘНЕ "BCC INVEST" АҚ "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ ХОЛДИНГІ" АҚ-НЫҢ 28 НАУРЫЗДА БИРЖАДА KZ2C0Y05E065 (KASTB3) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН АЛҒАШ ОРНАЛАСТЫРУДЫ КӨЗДЕП ОТЫРҒАНЫ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ

19.03.12 12:43
/KASE, 19.03.12, 13.03.12 жаңалықты қайталау/ – "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ" холдингі" АҚ-ның (Астана) KZ2C0Y05E065 (KASTb3) облигацияларының андеррайтерлері болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) және "ЦенрКредит банкі" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы) бүгін "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ына (KASE) баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ" холдингі" АҚ (Эмитент) KZ2C0Y05E065 (KASTb3) үшінші шығарылым облигацияларын орналастырылмаған бөлігін "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесінде арнайы мамандандырылған сауда- саттықты өткізу арқылы ұйымдастырылған нарықта жалпы сатуға ұсынуды жоспарлап отырғанын хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтарды өткізуді болжап отырған күн – 28 наурыз. Эмитент арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатып алуды ұсынғалы отырған аталмыш шығарылымның облигацияларының жарияланған индикативті көлемі көлемі 1 500 000 облигация. Эмитент облигацияларды өтеуге кірістілік мөлшерлемесіне сәйкес бағамен жылдық 10 % мөлшерінде орналастыруды жоспарлап отыр. Егер инвесторлар өтеуге кірістілік мөлшерлемесіне сәйкес бағамен жылдық 10 % мөлшерінде берген өтінімдердің көлемі ұсыныстың жарияланған индикативті көлемінен асатын болса, Эмитент орналастыруға ұсынып отырған облигациялардың көлемін көбейтіп, 1 500 000 астам облигация орналастыруы мүмкін. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақытымен (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – KASTb3. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күнінің ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00 ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді және нарықтық өтінімдер қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі – 70 %. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жиналған мүддені есептемегенде) көбейтіндісі белгіленуі тиіс. Мәміле, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, көлемі облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сату алудың өтінімін қанағаттандыру тәсілі –кесімді баға бойынша. Бағалары кесімді бағамен тең немесе одан төмен бағамен берілген өтінімдер алынып тасталады. Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін "Halyk Finance" АҚ және "BCC Invest" АҚ келесі өкілдеріне хабарласуыңызды сұраймыз. "BCC Invest" АҚ: Юлия Голощапова (тел. 8 (727) 259-85-98 (ішкі 7299), факс 8 (727) 244-32-31, e-mail: jgoloshapova@bcc-invest.kz) "Halyk Finance" АҚ: Фархад Охонов (тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: FarhadO@halykbank.kz), Юлия Феллер (тел. 8(727) 330-62-12, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: FellerY@halykbank.kz)