KAZAKHMYS PLС компаниясы (Біріккен Корольдік) өз басшылығының Жезқазған өндірістік алаңының жұмыскерлерімен кездескені туралы хабарлады

19.03.12 10:17
/KASE, 19.03.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 17 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Қазақмыс Тобы Жезқазған өндірістік алаңының жұмыскерлерімен біліктіліктерін растау жəне еңбекақыны жоғарылату жөніндегі ағымды мəселелер бойынша кезекті жиналысын өткізіп отыр. Жиналыс – жаңадан интеграцияланған еңбекақы төлеудің жүйесін енгізу процесінің аясында Топбасшылығы өткізіп отырған іс-шаралардың бірі болып табылады. Кездесуде Жезқазған мыс балқыту зауытының, кен байыту фабрикаларының жəне кеніштердің өкілдерінен 200 жұмыскер қатысты. Басшылықтың тарапынан "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огай, операциялық бас директор Сергей Дяченко, "Жезқазғантүстіметалл" ӨБ бас директоры Вадим Оглов, кəсіпорындардың жəне тиісті департаменттердің директорлары қатысты. Біліктіліктерін растау процедурасы, өз кезегінде, 2009 жылы басталған Қазақмыстағы барлық кəсіпорындарды қайта құрылымдау кең ауқымды бағдарламасының элементі бола тұра, еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізудің соңғы кезеңі болып табылып отыр. Топтың кəсіпорындарында 40,000-нан астам қызметкерлерді қамтыған, кадрларды бағалау процесі 2012 жылдың ақпан айында басталған. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасын толық мәтінімен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_170312.pdf - орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_170312_kz.pdf – қазақ тілінде.