2012 жылдың 31 наурызында "ОРда кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС (Қазақстан) қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болады
16.03.12 16:06
/KASE, 16.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "ОРДА кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС
(Шымкент, бұдан әрі – компания), 2012 жылдың 31 наурызында сағат
11:00-де компания қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болатыны
туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде:
- компания Басқармасының 2011 жылдағы шығындар мен кірістердің
сметасын орындауы туралы есебі;
- 2011 жылға жылдық қаржылық есепберушілікті бекіту және компанияның
таза табысын бөлу;
- өзге шаруашылық серіктестіктерден үлес сатып алу;
- қатысушылардың үлестерін мәжбүрлеп кері сатып алу;
- қайта құрылымдану мәселелері бойынша.
Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47.
Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден бастап жүргізіледі.
Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама
жиналысы 2012 жылдың 02 сәуірінде сағат 10:00-де жоғарыда аталған
мекен-жай бойынша өткізіледі.
Қатысушыларға аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің
материалдарымен Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47 мекен-жайы бойынша
танысуына болады.