2012 жылдың 26 сәуірінде "АТФБанк" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады
16.03.12 12:55
/KASE, 16.03.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк),
2012 жылдың 26 сәуірінде сағат 11:00 банк акционерлерінің жылдық
жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш
жиналыстың күн тәртібінде:
- банк акционерлері жиналысының жылдық жалпы жиналысының күн
тәртібін бекіту;
- банктің санақ комиссиясының сандық құрамын және өкілеттік
мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау;
- банктің 2011 жылға аудиттелген шоғырланған қаржылық есеп
берушілігін бекіту;
- 2011 жылға банктің таза табысын бөлу тәртібін бекіту;
- банк акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімдерді
қабылдау;
- банк және оның қызметкерлерінің қызметіне қатысты акционерлердің
шағымдары туралы мәселені қарастыру және оларды қарастыру
қорытындылары;
- 2011 жылы Басқарма мүшелері мен банк Директорлар кеңесі
мүшелерінің сыйақы мөлшері туралы банк акционерлерін хабардар
ету;
- 2011 қаржы жылы ішіндегі банктің Директорлар кеңесінің қызметі
туралы есепті бекіту;
- банк Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау:
- банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің сандық құрамын
анықтау;
- банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау;
- банктің Директорлар кеңесінің өкілеттігі мерзімін анықтау;
- банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшері
мен төлеу және олардың өз міндеттемелерін орындағаны үшін
шығындарын өтеу банк Директорлар кеңесінің сайланған
мүшелерінің сыйақы мөлшерін анықтау шарттарын анықтау.
Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Фурманов көш., 100б.
Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден 10:45-ке дейін
жүргізіледі.
Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2012 жылдың
26 наурызындағы жағдай бойынша құрастырылатын болады.
Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама
жиналысы 2012 жылдың 27 сәуірінде сол уақытта жоғарыда аталған
мекен-жай бойынша өткізіледі.
Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің
материалдарымен 2012 жылдың 16 сәуірінен 25 сәуіріне дейін жұмыс
уақытында Алматы қ., Фурманов көш., 100г мекен-жайы бойынша, тел.:
(727) 258 30 00, қосымша 1926, 1222 телефоны арқылы танысуына болады.