"Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) өзінің 2011 жылдағы қызметінің нәтижелерін жариялады

15.03.12 17:38
/KASE, 15.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал), биржаға 2012 жылдың 15 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Қазақстанның солтүстік-батыс аймағында мұнай және газды барлау, өңдеу және қазумен айналысатын "Жайықмұнай" компаниясы (ЛФБ: ZKM тикер), 2011 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдағы қаржылық көрсеткіштерін хабарлайды, сонымен қатар өндірісі, оның ішінде газ өңдеуші зауыт (ГӨЗ) бойынша мәліметтерін жариялайды: НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР - Жалпы өндіріс көлемі (шикі мұнай және ГӨЗ өндірісінің өнімдері) 69.7% өсіп, 4,802,561 барр. м.э. құрады; - Табыс 68.9% өсіп, 300.8 млн.долл құрады.; - Салықтарды, пайыздарды, тозуды және амортизацияны төлегенге дейінгі пайда 99.8% өсіп,197.4 млн.долл құрады; - Таза пайда үш еседен артық өсім көрсетті, және 81.6 млн.долл. (+256.4%) құрады; - Қолма-қол ақшаның түсімімен оң көрсеткішті баланс 128,54 млн№ долл. құрады; - Газ өңдеуші зауытты (ГӨЗ) тапсыру 2011 жылдың желтоқсан айында аяқталды; - 10 айда сатылған мұнай өнімдерінің көлемі (шикі мұнай, тұрақтандырылған конденсат, СМГ және құрғақ газ) сатып алушыларға жеткізу туралы келісім-шарттар негізінде жеткізілді.; - Жайықмұнай № 401 ұңғыма жұмысының басталуының арқасында есептік қуаттың қорытынды деңгейіне қол жеткізді - 48000 барр. м.э.дейін. Осы баспасөз-хабарламасының толық мәтінімен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_150312.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_150312_e.pdf – ағылшын тілінде.