2012 жылдың 16 сәуірінде "Caspian Beverage Holding" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі

15.03.12 15:20
/KASE, 15.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Caspian Beverage Holding" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2012 жылдың 16 сәуірінде сағат 16:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталады деп биржаға хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыс мәселе компанияның акцияларының жарияланған көлемін көбейту болып табылады. Аталмыш жиналыс Алматы қ., Гоголь көш., 211 мекен-жайы бойынша өтеді.