"Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге ірі мәміле жасауды көздеп отырғаны туралы хабарлады

15.03.12 10:23
/KASE, 15.03.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, "сақтандыру бойынша жауапкершілігінің сомасы 1 805 446 720 (бір миллиард сегіз жүз бес миллион төрт жүз қырық алты мың жеті жүз жиырма) теңге болатын ірі мәміле жасауды көздегені туралы" хабарлады.