"Halyk Finance" Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы" АҚ Cbonds ақпараттық агенттігінің жыл сайынғы номинацияларында үш бірдей марапатқа ие болғаны туралы хабарлады

15.03.12 10:19
/KASE, 15.03.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Halyk Finance" Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы" АҚ (Алматы), биржаға ақпараттық хабарлама жолдап, былай деп хабарлады: 13 наурыз күні Cbonds ақпараттық агенттігі (ИА Cbonds, Санкт-Петербург) ұйымдастырған жыл сайынғы "Қазақстандық Қаржылық Форум VII" конференциясы аясында "Cbonds AWARDS-2011" айтулы сыйымен марапаттау рәсімі өткізілді, бұл шарада жылда Қазақстан қаржылық нарығының үздік өкілдері номинацияланады. Номинациялардағы жеңімпаздар нарыққа қатысушылардың тәуелсіз сұрау салуы нәтижесінде анықталды. Бұл сұрау салуда нәтижелерді есептеу барысында өз ұйымы үшін берген дауыс есептелген жоқ. Осы сұрау салудың нәтижесінде "Halyk Finance" АҚ үш беделді марапатқа ие болды: 1.Еурооблигацияларды алғашқы орналастырудың ең үздік мәмілесі 2.Ең үздік макроэкономикалық талдау 3.Облигациялар нарығы бойынша ең үздік талдау Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1163808 мекен-жайында танысуға болады.