"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің жаңа төрағасын сайлағаны туралы хабарлады және акционерлердің жылдық жиналысының күнін жариялады

14.03.12 15:37
/KASE, 14.03.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 14 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды. Ол - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ Басқармасының төрағасы Ләззат Киинов болды. Бұдан басқа, Директорлар кеңесі 2012 жылдың 29 мамыры күні Астана қаласында акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады. Күн тәртібіне негізгі келесі мәселелер: 2011 жылдың қаржылық есебі мен жылдық есебін бекіту, Компанияның 2011 жылдағы таза пайдасын бөлу тәртібін және Компанияның бір жай және артықшылықты акцияларына шаққанда дивиденд мөлшерін анықтау, 2011 жылдағы ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің жұмысын бағалау енгізілді. Директорлар кеңесі Акционерлер жиналысына 2011 жылдың қорытындысы бойынша төленетін дивиденд мөлшерін ұсынды. Акционерлер жиналысы тиісінше шешім қабылдаған жағдайда, бір жай, сондай-ақ бір артықшылықты акцияға шаққанда дивиденд мөлшері 1 300 теңгені құрайды (ҚР заңнамаларына сәйкес ұсталатын салықтарды қоса алғанда). 2011 жылға дивидендтердің жалпы сомасы 91 млрд. теңгеге жуық қаржыны құрайды (615 млн. АҚШ долларына жуық). цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасынң толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_140312.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_140312_k.pdf – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_140312_e.pdf – ағылшын тілінде.