/KASE, 14.03.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана), биржаға
2012 жылдың 14 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп
хабарлады:
цитата басы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") Директорлар
кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында ҚМГ БӨ
Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды. Ол - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық
Компаниясы" АҚ Басқармасының төрағасы Ләззат Киинов болды.
Бұдан басқа, Директорлар кеңесі 2012 жылдың 29 мамыры күні Астана
қаласында акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы
шешім қабылдады. Күн тәртібіне негізгі келесі мәселелер: 2011 жылдың
қаржылық есебі мен жылдық есебін бекіту, Компанияның 2011 жылдағы таза
пайдасын бөлу тәртібін және Компанияның бір жай және артықшылықты
акцияларына шаққанда дивиденд мөлшерін анықтау, 2011 жылдағы ҚМГ БӨ
Директорлар кеңесінің жұмысын бағалау енгізілді.
Директорлар кеңесі Акционерлер жиналысына 2011 жылдың қорытындысы
бойынша төленетін дивиденд мөлшерін ұсынды. Акционерлер жиналысы
тиісінше шешім қабылдаған жағдайда, бір жай, сондай-ақ бір артықшылықты
акцияға шаққанда дивиденд мөлшері 1 300 теңгені құрайды (ҚР
заңнамаларына сәйкес ұсталатын салықтарды қоса алғанда). 2011 жылға
дивидендтердің жалпы сомасы 91 млрд. теңгеге жуық қаржыны құрайды
(615 млн. АҚШ долларына жуық).
цитата соңы
Осы баспасөз-хабарламасынң толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі
мекен-жайлар бойынша танысуға болады:
-
http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_140312.pdf – орыс
тілінде;
-
http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_140312_k.pdf – қазақ
тілінде;
-
http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_140312_e.pdf – ағылшын
тілінде.