"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) брокерлік және номиналды ұстау қызметтерін көрсету бойынша брокерлік ұйымды таңдау бойынша конкурс өткізетіні туралы жариялады

06.03.12 17:50
/KASE, 06.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) биржаға жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп хабарлады: "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (бұдан әрі – "ДТЖ" АҚ) брокерлік және номиналды ұстау қызметтерін көрсету бойынша брокерлік ұйымды таңдау бойынша конкурс өткізетіні туралы жариялады. Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі және қатысушыларға қойылатын талаптар конкурс құжаттарында белгіленген. Байқа құжаттарының көшірмесін 2012 жылдың 12 наурызы күнінің сағат 18:00-ге дейін: Алматы қ., Желтоқсан көш. 118, офис # 407 күн сайын сағат 9.00-ден 18:00-ге дейін немесе "ДТЖ" АҚ веб-сайтында: www.kazrail.kz, "Сатып алулар" бөлімінде алуға болады. Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2012 жылдың 14 наурыз күні сағат 10:00-де. Конкурстық өтінімдердің конверттерін конкурстық комиссия 2012 жылдың 14 наурыз күні сағат 12:00-де: Алматы қ., Желтоқсан көш., 118, офис # 407 мекен-жайы бойынша ашады. Қосымша ақпараттар мен анықтаманы: 8 (727) 330-99-98 (ішкі 132) телефоны арқылы алуға болады.