KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдік) қызметкерлерін аттестаттау басталғаны туралы хабарлады

06.03.12 17:52
/KASE, 06.03.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон) 2012 жылдың 06 наурызында биржаға жолдаған баспасөз-релизінде былай деп хабарлады: "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу шегінде жаңа тарифтік мөлшерлемелерді әрі қарай қолдану үшін, жетекшілерінің, мамандарының және қызметкерлерінің біліктілігін анықтау мақсатында аттестаттауы басталды. Осы жүйені енгізу нәтижесінің бірі қызметкерлердің еңбекақысының айтарлықтай өсуі болып табылады. Бұл жүйені енгізуді компания өткен жылдың жазынан бастап жүзеге асырып келе жатыр. Аттестаттау осы үдерістің кезекті кезеңінің бірі болып табылады да, ір қызметкердің білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалануға, адами потенциалды ашуға бағытталған. Аттестаттау барысында қызметкерлердің іскери біліктілігі анықталып, жеке басының қабілеттеріне, кәсібилігіне, қасиеттеріне, білімдері мен ептіліктерінің тереңдігіне, біліктілік жоғарылату қажеттілігін анықтайды – соның нәтижесінде қызметкер атқаратын жұмыстарына немесе лауазымына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі мойындалады. Жоспар бойынша компанияның түрлі аймақтарында еңбек етіп жатқан 15 мың қызметкері аттестатталып, бұл іс-шара ағымдағы жылдың көктемінде аяқталады. Осы баспасөз-релизінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_060312.pdf мекен-жайы бойынша; - қазақ тілінде http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_060312_kz.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.