2012 жылдың 19 сәуірінде "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

07.03.12 11:51
/KASE, 07.03.12/ – Бағалы қағ,аздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) 2012 жылдың 19 сәуірінде сағат 11:00-де акционерлердің жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады, күн тәіртібінде: - банктің 2011 жылға жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту; - банктің 2011 жылдағы таза пайдасын үлестіру тәртібін бекіту. Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау. Банктің бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін бекіту; - банктің аудитін жүзеге асыратын, аудиторлық ұйымды анықтау; - банктің Директорлар кеңесінің 2011 жылға есеп беруі; - банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін орындауға байланысты шығындарының көлемін және өтемақы төлеу шарттарын анықтау; - банктің Жарғысына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды бекіту; - банктің Корпоративтік басқару кодексіне енгізілетін өзгенртулер мен толықтыруларды бекіту; - банктің Директорлар кеңесі туралы қағидасына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды бекіту; - банктің Акцияларды қайта сатып алуда құнын анықтау әдістемесіне енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды бекіту; - банктің акционерлеріне банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне және Басқармасына сыйақы төлеу көлемі мен құрамы туралы хабарлау; - акционерлердің банктің және оның лауазымды қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымданулары және оларды қарау нәтижелері туралы сұрақты қарау; - банктің есептік комиссиясының сандық құрамын және өкілеттілік мерзімін анықтау, мүшелерін сайлау. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Абай д., 109в, мәжіліс залы – мекен-жайы бойынша болып өтеді. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-ден 10:45-ке дейін жүргізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың 19 наурызындағы жағдай бойынша құрастылады. Кворум жиналмаған жағдайда, банк акционерлерінің қайталама жалпы жиналысы жоғарыда аталған мекен-жай бойынша 2012 жылдың 20 сәуірінде сол уақытта өткізіледі. Акционерлер аталмыш жинатыстың күн тәртібіндегі сұрақтарға қатысты материалдармен: (727) 259 07 77, 8 8000 8000 59 (Қазақстан бойынша тегін) телефондары арқылы таныса алады. Акционер – заңды тұлғалардың акционерлері (қатысушылары), акционерлерін (қатысушыларын) тіркеу мемлекетіне қатынасты, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктар және банктік қызмет туралы" заңының 17 бабы 5 тармағының бірінші бөліміндегі талаптарды орындауы туралы өтінішін беруі тиіс. Өтініштің нұсқасы банктің веб-сайтында http://www/halykbank.kz/ мекен-жайы бойынша орналастырылған.