/KASE, 07.03.12/ – Бағалы қағ,аздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ (Алматы, бұдан
әрі – банк) 2012 жылдың 19 сәуірінде сағат 11:00-де акционерлердің
жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады, күн
тәіртібінде:
- банктің 2011 жылға жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту;
- банктің 2011 жылдағы таза пайдасын үлестіру тәртібін бекіту. Банктің
жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау. Банктің
бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін бекіту;
- банктің аудитін жүзеге асыратын, аудиторлық ұйымды анықтау;
- банктің Директорлар кеңесінің 2011 жылға есеп беруі;
- банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін орындауға
байланысты шығындарының көлемін және өтемақы төлеу шарттарын
анықтау;
- банктің Жарғысына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды бекіту;
- банктің Корпоративтік басқару кодексіне енгізілетін өзгенртулер мен
толықтыруларды бекіту;
- банктің Директорлар кеңесі туралы қағидасына енгізілетін өзгертулер
мен толықтыруларды бекіту;
- банктің Акцияларды қайта сатып алуда құнын анықтау әдістемесіне
енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды бекіту;
- банктің акционерлеріне банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне
және Басқармасына сыйақы төлеу көлемі мен құрамы туралы хабарлау;
- акционерлердің банктің және оның лауазымды қызметкерлерінің
әрекеттеріне шағымданулары және оларды қарау нәтижелері туралы
сұрақты қарау;
- банктің есептік комиссиясының сандық құрамын және өкілеттілік
мерзімін анықтау, мүшелерін сайлау.
Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Абай д., 109в, мәжіліс залы – мекен-жайы
бойынша болып өтеді. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат
10:00-ден 10:45-ке дейін жүргізіледі.
Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың
19 наурызындағы жағдай бойынша құрастылады.
Кворум жиналмаған жағдайда, банк акционерлерінің қайталама жалпы
жиналысы жоғарыда аталған мекен-жай бойынша 2012 жылдың 20 сәуірінде
сол уақытта өткізіледі.
Акционерлер аталмыш жинатыстың күн тәртібіндегі сұрақтарға қатысты
материалдармен: (727) 259 07 77, 8 8000 8000 59 (Қазақстан бойынша
тегін) телефондары арқылы таныса алады.
Акционер – заңды тұлғалардың акционерлері (қатысушылары), акционерлерін
(қатысушыларын) тіркеу мемлекетіне қатынасты, Қазақстан Республикасының
"Қазақстан Республикасындағы банктар және банктік қызмет туралы" заңының
17 бабы 5 тармағының бірінші бөліміндегі талаптарды орындауы туралы
өтінішін беруі тиіс. Өтініштің нұсқасы банктің веб-сайтында
http://www/halykbank.kz/ мекен-жайы бойынша орналастырылған.