EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (ENRC, Біріккен Корольдік) компаниясы $2 млрд көлемінде несие тартқаны туралы хабарлады

11.03.12 16:38
/KASE, 11.03.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 28 ақпанындағы баспасөз- хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Лондон – Eurasian Natural Resources Corporation PLC ("ENRC" немесе еншілес компанияларымен бірге – "Топ") бүгін 2 млрд АҚШ доллары сомасында несие тартқаны туралы хабарлайды. Несиені Ресей жинақ банкі 24 айдан кейін күшіне енетін өтемпұлымен 5 жылдық мерзімге берді. Тартылған қаражат қосымша өтімділік береді және соңғы сатып алуларды қаржыландыруды және Топтың кең ауқымды инвестициялық бағдарламасын қоса алғанда, компанияның жалпы мақсаттарына жұмсалады. Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: ENRC: Инвесторлармен қатынас бөлімі Мунисса Шодиева +44 (0) 20 7389 1879 Чарльз Пембертон +44 (0) 20 7104 4015 Александра Ляху +44 (0) 20 7104 4134 ENRC: Корпоративтік коммуникациялар бөлімі Юлия Кальчева +44 (0) 20 7389 1861 M: Communications (ENRC корпоративтік коммуникациялар бойынша кеңесшілері): Хью Моррисон +44 (0) 20 7920 2334 Шарлотта Керкем +44 (0) 20 7920 2331 Эндрю Бенбоу +44 (0) 20 7920 2344 Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GB_ENRC/gbenrc_reliz_280212.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.