ҚҰБ ҚҚК "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) KZP01Y07E083 (KZ2C00001758, TSBNb11) облигацияларының орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

11.03.12 15:00
/KASE, 11.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Цеснабанк" АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 29 ақпанындағы ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "Цеснабанк" АҚ KZP01Y07E083 (KZ2C00001758, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb11; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 01.02.12 – 01.02.19, жарты жылдық купон жылдық 8,00 %, 30/360) облигацияларының орналастырылу нәтижелері туралы есебін бекітті. ҚҰБ ҚҚК ескерту хатына сәйкес, 2012 жылдың 27 ақпанындағы жағдай бойынша аталмыш облигациялардың барлығы орналастырылды.