ҚҰБ ҚҚК "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ бірінші, екінші және үшінші облигациялық бағдарламалар шығарылымының және сегіз облигациялар шығарылымының аңдатпаларына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

13.03.12 17:50
/KASE, 13.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), биржаға бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі туралы,бұрынғысының орнын басатын 2012 жылдың 08 ақпанындағы куәліктердің, сондай-ақ, өзінің бірінші, екінші және үшінші облигациялық бағдарламаларының және өзінің мынадай облигацияларының шығарылым аңдатпаларына енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың көшірмелерін ұсынды: - KZ2CKY10B257 (KZ2C00000842, BTAIb2; 1 теңге, 1,5 млрд теңге; 21.10.04 – 21.10.14, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 10,00 %; 30/360); - KZPC3Y10B333 (KZ2C00000909, BTAIb5; 100 теңге, 4,0 млрд теңге; 11.05.05 – 11.05.15, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,00 %; 30/360); - KZPC1Y07B648 (KZ000A0TZZH7, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb7; 100 теңге, 4,0 млрд теңге, 13.07.05 – 13.07.12; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 8,40 %; 30/360); - KZPC2Y08B644 (KZ2C00000883, BTAIb8, 100 теңге, 7,0 млрд теңге; 22.08.05 – 22.08.13; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,40 %; 30/360); - KZPC3Y10B648 (KZ2C00000867, BTAIb9; 100 теңге, 4,0 млрд теңге; 21.02.06 – 21.02.16, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,00 %; 30/360); - KZPC1Y10C111 (KZ000A0TZW02, BTAIb11; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 04.08.06 – 04.08.16, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге 8,50 %; 30/360); - KZP05Y07C112 (KZ2C00000859, BTAIb14; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 03.04.07 – 03.04.14, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,50 %; 30/360); - KZP07Y10C112 (KZ2C00000875, BTAIb16; 100 теңге, 14,0 млрд теңге; 01.04.08 – 01.04.18, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 10,20 %; 30/360). Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитеті (ҚҰБ ҚҚК) аталмыш облигациялар шығарылымының аңдатпаларына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталған куәліктер компания атауының өзгеруіне байланысты ауыстырылды; - "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ облигацияларының келесі шығарылымдарының ұлттық сәйкестендіру нөмірлері (ҰСН) өзгертілді: - KZ2CKY10B257 нөмірінен KZ2C0Y10B251 нөміріне; - KZPC2Y08B644 нөмірінен KZP02Y08B648 нөміріне; - KZPC3Y10B648 нөмірінен KZP03Y10B642 нөміріне; - KZPC1Y10C111 нөмірінен KZP01Y10C115 нөміріне. Осы өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/btai мекен-жайы бойынша жарияланған.