13 наурызда биржада 41-шығарылымның 4,2 млн МЕОКАМ-48 (KZK2KY040410) сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізілмеді деп жарияланды

13.03.12 17:44
/KASE, 13.03.12/ –Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 13 наурызында биржада Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 41-шығарылымның МЕОКАМ-48 (KZK2KY040410, KASE ресми тізімі, "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, MOM048_0041; 1 000 теңге, 10,3 млрд теңге; 15.12.09 – 15.12.13, жарты жылдық купон жылдық 5,20 %; 30/360) сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы жоспарланғанын хабарлайды. Сатуға жарияланған көлемі 4 200 000 облигацияны құраған. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы "Альянс Банкі" АҚ болды. Сауда-саттық мәні үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" (жиналған мүддені есептемегенде) болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық тәсілмен Алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа тек шектелімді және нарықтық өтінімдер ғана қабылданды. Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін тиімдірек болатын шектелімді қарсы өтінімдердің бағалары бойынша, нарықтын өтінімдерді – орташа сараланған бағасы бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE бес мүшесі қатысты, олар 15 000 000 облигацияны сатып алуға он төрт өтінім жасады. Өтінімдер кезеңінің аяқталу сәтінде олар белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 357,1 % құрады. Берілген белсенді өтінімдердегі "таза" бағалар 100,0000 % (жылдық 5,2 %) және 103,7302 % (жылдық 3,0 %) деңгейінде болды. Орташа сараланған "таза" баға 102,2280 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 3,8713 %) құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлеміндегі зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесі - 26,7 %, қазақстандық екінші деңгейлі банктердің үлесі – 16,7 %, қазақстандық екінші деңгейлі банктер клиенттерінің үлесі – 54,7 %, брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесі – 2,0 %. Сатып алуға өтінімдердің жиынтық тізімдемесінің мәліметтерін қарастырып, сатушы осы арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілмеді деп жариялады.