"Астана Газ Сервис" АҚ (Қазақстан) өзінің лицензиясының жарамдылық уақытының аяқталғаны және қарызды өндіру туралы арыз талап алғаны туралы хабарлады
13.03.12 12:43
/KASE, 13.03.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Астана Газ Сервис" АҚ (Астана), биржаға ресми хат
жолдап былай деп хабарлады:
... Сізге келесі қызмет түрлерімен айналысуға мемлекеттік лицензиялардың
қолданыс мерзімі аяқталғаны туралы мәлімдейміз:
- "Газды сақтау объектілерін пайдалану",
- "Тұрғын және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру
жүйелерін пайдалану".
Аталмыш хатта, сондай-ақ, "Астана қ. "Алматы" ауданының прокурорынан
"Астана-Финанс" АҚ мүддесіне 289 641 644 (екі жүз алпыс тоғыз миллион
алты жүз қырық бір мың алты жүз қырық төрт) теңге сомасындағы қарызды
өндіру туралы арыз талап" келгені туралы хабарланған.