KAZAKHMYS PLС компаниясы (Біріккен Корольдік) парамедиктердің жұмысы басталғаны туралы хабарлады

12.03.12 16:13
/KASE, 12.03.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС компаниясы (Лондон) Биржаға 2012 жылдың 12 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Қауіпсіздікті жоғарылату мен еңбекті қорғау жүйесін жақсарту жөніндегі бағдарлама аясында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Ғазиз Омаров атындағы шахталық-қазба тресінің Қарағандыдағы, Жезқазған мен Балқаштағы бөлімшелеріндегі 120 тау-кен шеберлері арнайы оқытудан өткізіліп, шұғыл білікті медициналық жәрдем көрсетуге қабілеттері бар парамедик мамандар болып танылды. Әрбір парамедик, бірыңғай анықтауыш формалы киім мен жиынтығы үнемі тексеріліп тұратын медициналық дәрі-дәрмектер қобдишасын қоса санағандағы жедел жәрдем көрсетуге қажетті деген медициналық құралдармен қамсыздандырылған. Жұмыс орнындағы диспетчерлер парамедиктің жүрген жері жайлы хабардар етіліп тұрады. Алдағы уақытта кеніштерде парамедиктерді шағын көлік құралдарымен қамтамасыз ету жоспарда бар. Парамедиктерді даярлау – авариялардың, жарақаттанушылықтардың салдарларын мейлінше қысқарту әрі еңбек жағдайларын жақсарту мақсатымен шахталық-қазба тресінің (ШҚТ) кәсіпорындарында қабылданған шаралардың бірі. Сонымен қоса, кәсіпорындарда қазіргі заманғы жеке қорғану құралдары мен жарықтандырғыш аспаптар қолданылып жүр. Әсіресе, барлық тиеп-жеткізу машиналарының машинистері мен автосамосвалдардың жүргізушілері түтін мен газдардан, аэрозольдардан жұмыскерді қорғай алатын бетке толық киілетін маскалармен және де буланбайтын шынылармен жабдықталды. Сондай-ақ, ШҚТ бөлімшелерінде бұрыннан жұмыс істеп келген сілтілі құрылғыларға қарағанда, өнімдірек әрі аса қауіпсіз құрғақ зарядты жарық бергіштерді қолдануға толықтай көшіп отыр. Трестің кәсіпорындарында жұмыскерлерді оқытуға аса зор көңіл бөлініп отыр, соған жалпы былтырғы жылы 10 млн-нан астам теңге бөлінді. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық мәтінімен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_120312.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_120312_kz.pdf – қазақ тілінде.