"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) Standard & Poor's агенттігі қоғамның бағаларын жоғарлатқаны туралы хабарлады

12.03.12 12:46
/KASE, 12.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана), биржаға ресми хат жолдап, "ұзақмерзімді несие рейтингі "ВВ" деңгейінен "ВВ+" деңгейіне дейін жоғарлады және қысқамерзімді несие рейтингі "В" деңгейінде расталды. Рейтингілердің өзгеру болжамы - "Тұрақты". Ұлттық шкала бойынша рейтинг "kzA+" деңгейінен "kzA-" деңгейіне дейін көтерілді" деп хабарлады.