"Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінен персоналды оқытуға қатысты шығындарды өтеу туралы арыз талап алғаны туралы хабарлады

11.03.12 12:13
/KASE, 11.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал), биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: 2012 ж. 1 наурызынан бастап "Жайықмұнай" ЖШС Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінен арыз талап келгені туралы хабарлады. Бұл арызда соттан сұрағаны: 1. "Жайықмұнай" ЖШС-ін 2008-2009 жж. қазақстандық персоналды оқытуға кеткен жалпы сомасы 163 000 АҚШД (жүз алпыс үш мың) болатын шығынды төлеуге мәжбүрлеу; және 2. "Жайықмұнай" ЖШС-інен персоналды оқыту бойынша осы шығындарға қатысты 24 486 АҚШД (жиырма төрт мың төрт жүз сексен алты) сомасындағы өсімпұлды өндіру. Басшылық бұл шағым негізсіз және инвесторлардың мүдделеріне әсерін тигізбейді деген пікірде.