"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өзінің Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 15 ақпанындағы шешімі туралы хабарлады

05.03.12 15:12
/KASE, 05.03.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында Директорлар кеңесі 2012 жылдың 15 ақпанында өзінің мүддесі бар мәмілелер бойынша шешімдер қабылдағаны туралы хабарлады: а) ЮниКредит тобы мүшелерімен 2011 жылдың 01 қарашасынан 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жасалған қазынашылық мәмілелер бекітілді; б) ЮниКредит тобы мүшелермен 2011 жылдың 01 қарашасынан 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта Транзакциялық және корпоративтік өнімдерді дамыту департаментімен жасалған мәмілелер бекітілді.