ҚҰБ ҚҚК "Баян Сұлу" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

06.03.12 14:30
/KASE, 06.03.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Баян Сұлу" АҚ (Қостанай), өзінің акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 20 ақпанында тіркеп, "Баян Сұлу" АҚ ұйымдастырушылық құрылымының өзгертілуіне және толықтырылуына байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BSUL/bsulf9_izm_200212.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.