2012 жылдың қаңтар-ақпан кезеңінде биржада шетел валютасымен жасалған сауда-саттық көлемі 30,2 %-ға төмендеп, 1,8 трлн теңгені ($12,4 млрд) құрады
05.03.12 16:05
/KASE, 05.03.12/ – 2012 жылдың қаңтар-ақпан кезеңінде Қазақстан қор
биржасындағы (KASE)* шетел валютасымен жасалған сауда-саттық көлемі,
валюталық своп операцияларын қоса, 1 843,4 млрд теңгені (баламасы
12 433,7 млн АҚШ долларына тең) құрады және 2011 жылдың тиісті
кезеңімен салыстырғанда 30,2 %-ға (31,0 % долларлық көрсетілімде)
төмендеді.
Алдыңғы екі айлық кезеңмен салыстырғанда (2011 жылдың қараша-
желтоқсан кезеңі) сауда-саттық көлемі 21,7 % (21,9 % долларлық
көрсетілімде) төмендеді.
Төмендегі кестеде 2012 жылда Биржада шетел валюталары нарығының
көрсетікштері валюталарға және мәміле түрлеріне бөлініп көрсетілген,
сондай-ақ 2011 жылдың салыстырмалы мәліметтері берілген.
-----------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық көлемі
------------------------------------------------------------------
спот-нарығында, млн
--------------------------------
своп- барлығы, барлығы,
Жыл, USD/KZT EUR/KZT EUR/USD RUB/KZT нарығында, млн млрд млн
ай USD/KZT KZT USD
---------- -------- ------- ------- ------- -------------- -------- ---------
2012, I 3 350,2 0,9 0 322,1 1 976,0 792,1 5 337,7
2012, II 5 212,5 0,0 0 1048,0 1 848,5 1 051,2 7 096,0
---------- -------- ------- ------- ------- -------------- -------- ---------
Барлығы 8 562,7 0,9 0 1370,1 3 824,5 1 843,4 12 433,7
---------- -------- ------- ------- ------- -------------- -------- ---------
2011, I-II 14 194,6 5,5 6,8 446,9 3 786,1 2 641,8 18 012,5
өзг., % -39,7 -83,5 -100,0 +206,6 +1,0 -30,2 -31,0
-----------------------------------------------------------------------------
03.01.12 бастап 29.02.12 дейінгі кезеңде Биржаның негізгі (таңертеңгілік)
сауда сессиясының барлық мәмілелері бойынша есептелген теңгенің АҚШ
долларына орташа сараланған бағамы бір долларға 148,23 теңгені,
барлық биржалық мәмілелер бойынша бір долларға 148,21 теңгені құрады.
Теңгенің АҚШ долларына орташа сараланған биржалық бағам бойынша
нығаю жылдамдығы ағымдағы жылы жылдық 2,68 %-бен бағаланады.
2012 жылдың алдыңғы екі айында теңгенің АҚШ долларына ревальвациясы
деңгейі номиналды көрсетілімде 0,44 % құрады.
2011 жылы теңгенің АҚШ долларына девальвациясы деңгейі номиналды
көрсетілімде 0,61 % құрады.
2010 жылы теңгенің АҚШ долларына ревальвациясы деңгейі номиналды
көрсетілімде 0,65 % құрады.