"СевКазЭнерго" АҚ (Қазақстан) Петропавлдық ЖЭО-2 қайта құрылған қазан агрегатының іске қосылуы туралы хабарлады

02.03.12 15:00
/KASE, 02.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавловск), бүгін биржаға баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: 2012 жылдың 25 қаңтарында "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ (бұдан әрі Компания) Петропавлдық ЖЭО-2 қайта құрылған #6 қазан агрегатының іске қосылғаны туралы хабарлады. Жоба Компанияның 2010-2015 жылдарға арналған инвестициялық жобасы аясында жүзеге асырылды. Қазанды және оның қосымша құрал-жабдықтарын қайта құру оның көптеген жүктеулермен жұмыс істеуін және жұмысының экологиялық, эконмикалық көрсеткіштерінің жақсаруын қамтамасыз ете алды. Ысыту беткейлерін ауыстырып, жану режимін өзгертіп, пайдалы әрекетінің коэффициенті 99,5 % болатын күлді анықтайтын құрал-жабдықты бекіткеннен кейін қазанның бу шығарудағы өнімділігі 50 тоннаға көбейді (сағатына 220 тоннадан 270 тоннаға дейін) Қазанды қайта құру бойынша жұмыстарды компания 2011 жылдың ақпанында бастаған болатын. Инвестициялардың көлемі 2,704 млрд теңгені құрады. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1163394 мекен-жайы бойынша танысуға болады.