KAZAKHMYS PLС компаниясы (Біріккен Корольдік) өзінің 2011 жылдағы қызметінің қорытындыларын хабарлады

01.03.12 15:12
/KASE, 01.03.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 01 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Бүгін Қазақмыс Тобы ENRC PLC компаниясындағы Топтың иелігіне тиесілі 26 пайыздық салымды есепке алмағанда, 2011 жылдың 12 айы ішіндегі өндірістік жəне қаржылық қызметтерінің нəтижелерін жариялап отыр. Осы үлес қоса есептелген қосымша хабарлама 2012 жылдың 27 наурызында жаряиланатын болады. Топтың басқаруындағы бөлімшелердің операциялық қызметтерінен болған EBITDA 1 959 млн АҚШ долларын құрады. Мысты өткізудің орташа бағамы 2010 жылдағымен салыстырғанда, 16 пайызға артып, тоннасына 8756 АҚШ долларына жетті. 2011 жылы басталған науқанның аясында Лондон қор биржасынан əр акцияға орта есеппен 889 пенстен келетіндей 83 млн АҚШ доллары сомасына қарапайым акцияларды кері сатып алу жүзеге асырылды. Директорлар Кеңесі əр акцияға 28 центтен келетіндей жылдық дивиденд төлеуді ұсынып отыр – 2010 жылдағымен салыстырғанда бұл 27 пайызға жоғарылағандығы. Осыдан бұрынғы 2011 жылдың 12 айы ішіндегі өндірістік есепте айтылғандай, Топтың катодты мыс өндіру көлемі 301 мың тонна болып, меншікті концентраттан өндірілген мыс көлемі 299 мың тонна болып, өндіріс бойынша негізгі жоспарлы көрсеткіштерге жетті. Күміс пен алтынның өндіріс көлемдері жоспарлы көрсеткіштерден артып түсіп, сəйкесінше, 13 млн унция мен 151 мың унция болды. Мырыш өндіру көлемі 140 мың тонна болып шықты. Электр энергиясы нарығындағы электр энергиясына деген тұрақты сұраныс, сонымен қатар, Екібастұз ГРЭС-1 модернизациялау бағдарламасы Топтағы энергетикалық бөлімшенің өндірістік көрсеткіштерін нығайтуын жалғастырып келеді. Екібастұз ГРЭС-1 станциясының электр қуатын өндіруі 15 пайызға артты, əрі электр энергиясын өткізуге деген орташа тариф Екібастұз ГРЭС-1 станциясында алдыңғы жылдағыға қарағанда 20 пайызға жоғарылады. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_010312.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_010312_kz.pdf – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_010312_e.pdf – ағылшын тілінде.