"БТА Банкі" Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі" ЖШС оған "А" деңгейіндегі сенімділік рейтингін бергені туралы хабарлады

01.03.12 15:01
/KASE, 01.03.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банкі" Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі" ЖШС 2012 жылдың 23 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясына А "Сенімділіктің жоғары деңгейі" сенімділік рейтингін берді. "Лондон-Алматы" компаниясының бағаларына ағымдағы өтімділік коэффициентінің және нақтыланған нетто-өтімділік сақтандыру коэффициентінің жоғары мәндері оң әсерін тигізді. (01.10.2011 жағдай бойынша, тиісінше 350 % және 158 %). Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1163352 мекен-жайы бойынша танысуға болады.